жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Маусым 2019

ҚарМТУ-да 11 елдің ғалымдары геология, металлургия және машина жасау саласының даму әлеуетін талқылайды

Фото: karaganda-region.gov.kz

14 және 15 маусымда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы - Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Украина, Венгрия, Болгария, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан ғалымдары баяндама жасайды.
«Сағынов оқулары» деп аталатын конференцияда білім беру, энергетика, геология, логистика, машина жасау, химия-билогиялық және басқа да ғылымдарды дамыту мәселелері талқыланады.
Іс-шара аясында 13 отырыс өтеді, онда Ұлыбритания, Венгрия, Ресей, Украина және Қазақстан институттарының өкілдері қатысады.
Секциялық отырыстарға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің 104 ғылыми және өндірістік ұйымдарынан барлығы 665 баяндама келіп түсті. Онда Smart және IT-технологияларға ерекше назар аударылған.
Конференцияға қонақ ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, облыс әкімшілігінің, сондай-ақ ҚарМТУ базасында «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумының жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары шақырылды.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы