жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Маусым 2019

Қарағандыда сотталғандардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында сотталған азаматтардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Сондай-ақ мұражай қабырғасында «Үміт-2019» байқауы өтті. Аталмыш шараларды Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырды.
Байқау жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы көрмеге «Қарағандыға 85 жыл» атты тақырыпта орындалған 70 туындылар жиналды.
- Мұнда картиналар да, қолданбалы өнер бұйымдары да ортаға салынып отыр. Бұл байқау сотталған азаматтарға өз таланттарын ортаға салуға мүмкіндік береді. Байқау нәтижесі бойынша алты жүлделі орын анықталады. Үздік деп танылған туындылардың авторларына сыйлықтар табыс етіледі, - дейді ҚАЖК Департаментінің тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Еркебұлан Қарғалтаев.
«Үміт-2019» көрмесінде темір тордың арғы жағында отырған азаматтардың шығармашылық туындылар арқылы өмірге деген көзқарасын, ойлары мен қоршаған әлемге деген қарым-қатынасын көруге болады. Өнер қылмыс жасаған адамның ішкі жан дүниесінің өзгеруіне ерекше әсер етеді. Ол туралы өнертанушы, қазылар алқасының мұшесі Наталья Иванина да атап өтті.
- Осы секілді көрме-байқаулардың тәрбиелік маңызы зор. Өнер адамға оң жолға түсуге көмектеседі. Жыл өткен сайын бұл көрме қызықтырақ болып келеді. Авторлар түрлі техникаларды қолданып, түрлі материалдармен жұмыс жасайды. Мұнда кәсіби студияларда қолданылмайтын заттар іске жаратылады. Мысалы, көмірден жасалған мүсіннің өзі бір керемет. Сонымен қатар авторлар арасында бояуларды өздері жасайтындары да бар. Материалдарды дайындауының өзі олардың өнермен айналысқысы келетінін көрсетеді. Мұндағы әрбір туынды өзінше ерекшелікке ие, - дейді Наталья Иванина.
Байқау қорытындысы бойынша станоктік өнер, қолданбалы өнер, бейнелеу және графика номинациялары бойынша үздік жұмыстар тадалады. Көрме 19-шы маусымға дейін жалғасады. Содан соң барлық жұмыстар қарттар үйіне тапсырылады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы