жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Маусым 2019

Берлинде жүзуден әлем біріншілігінде қарағандылық паралимпиадашылар 17 медаль жеңіп алды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандылық паралимпиадашылар Берлинде жүзуден Әлем кубогының кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Облыс атынан ұлттық құрама сапында үш спортшы өнер көрсетті: Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев және Әлия Раxымбекова. Олар 17 медаль жеңіп алды: - бес алтын, төрт күміс және сегіз қола.
Біріншілікке 65 елден көру мүшелері мен тірек-қимыл аппараты зақымданған 500-ден астам спортшы келіп, қатысты.
Наталья Звягинцева қазақстандық құраманың қоржынын 12 медальмен толықтырды, оның ішінде төрт алтын жүлде бар. Қарағандылық спортшы аралас эстафетада және 50, 100, 200 метр қашықтықта жүзуде үздік атанды.
Әлия Рахымбекова эстафетада бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Андрей Афанасьев 50 метр қашықтықта брасспен жүзуде екінші орынды және аралас эстафетада үшінші орынды иеленді.
Спортшылар ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Наталья Манохина, Инга Горбатова, Евгения Ракитинаның басшылығымен шұғылданады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы