жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Маусым 2019

«Жалын» командасы «Жас құтқарушы» облыстық сайыстарында жеңімпаз атанды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда «Жас құтқарушы» облыстық сайыстары өтті. Жарыста А.Байтұрсынов атындағы №41 мектеп-гимназиясының «Жалын» командасы жеңіске жетті.

- Бұл сайыстарға қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары атанған үздік командалар қатысты. Қатысушылар облысымыздың түрлі аудандарынан жиналды. Осы жарыста үйренген барлық дағдылары келешекте оларға керек болады, - деді Қарағанды облысы бойынша ТЖД бастығы Ыбраһым Күлшімбаев сайыстың жабылу салтанатында.

Бақ таластырған командалар арасында қарағандылық «Жалын» тобының оқушылары үздік құтқарушылар атанды. Жезқазған қаласынан келген команда "Жауынгерлік қанат жаю" және "Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары" дистанцияларында бірінші орындарға ие болып, барлық сайыстар нәтижесінде жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді.
Үшінші орынды Осакаров ауданынан келген жас құрқарушылар құрамасы иеленді. Олар таныстыру және капитандар байқауларында сәтті өнер көрсете алды.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етілді. Үздік команда Жеңімпаз кубогын алды. Белгілі бір кезеңдерде жүлделі орын алған топтарға құрмет грамоталары берілді. Ал жүлделі орындар иелене алмағандар үшін жұбаныш сыйлықтары табысталды.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы