жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Маусым 2019

Қарағандылық пән мұғалімдері тіл мектебінде білім алуда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында English Summer School for Teachers жазғы тілдік мектебі ашылды. Облыс қалалары мен ауылдарынан келген 60 физика, химия, биология және информатика мұғалімдері партаға отырды. Олар үшін ағылшын тілі курстарын педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды.
Тіл мектебіне қабылдау өткен жазда болды. Былтырғы жылы тыңдаушылар бағдарламадан өтіп, ал осы жылы оқуды жалғастырды. Сабақты НЗМ мұғалімдері, ағылшын тіліндегі пән мұғалімдері, сондай-ақ Interpress тіл орталығының оқытушылары жүргізеді.
Курс 5 күнге созылады. Бұл жерде мектеп мұғалімдері ағылшын тілін меңгеруін жетілдіре алады. Сонымен қатар бейіндік пәнінде ағылшын тілінде қалай сабақ беруге болатыны туралы әдістемелік көмек алады. Курс соңында әркім өз сабағын ұсынады. Жазғы мектептің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы