жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
07 Маусым 2019

Қарағандыда Қазақ КСРО еңбек сіңірген әртісі Өмірзақ Асылбековке мемориалдық тақта орнатылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда Қазақ КСРО еңбек сіңірген әртісі Өмірзақ Асылбековке мемориалдық тақта ашылды. Ол Лобода көшесіндегі № 10 үйдің қабырғасына орнатылды. Бұл үйде әртіс С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында жұмыс істеген кезде тұрған.

- Өмірзақ Асылбекұлы еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол шығармашылық зиялы қауымда, кәсіби ортада тек туған қаласында ғана емес, республикада да лайықты беделге ие болған жан, - деді Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында.
1956 жылдың қазан айынан бастап Өмірзақ Асылбеков С. Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театрының әртісі болды. Театр сахнасында ол 100-ге жуық рөлді сомдаған. Атақты әртістің театрға келуімен Ақан сері, Төлеген, Абай, Қозы-Көрпеш, Еңлік-Кебек сияқты белгілі ұлттық тұлғалар мен батырлардың жаңа бейнелері құрылды. 1962 жылы театр өнеріндегі шығармашылық жетістіктері үшін Өмірзақ Асылбековке Қазақ КСРО еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.
1972 жылы Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы жанындағы облыстық халық шығармашылығы үйінің (филармония) директоры болып тағайындалды. Ал 1972 жылдан 1974 жылдың қазанына дейін облыстық мәдениет басқармасының бастауыш партия ұйымының хатшысы болып жұмыс істеді. 1974 жылдың қазан айында Қазақстан компартиясы обкомының ұсынысы бойынша Өмірзақ Асылбеков облыстық теледидар және радиохабар тарату Комитетіне қазақ тілінде хабар тарату бөлімінің бас режиссері болып ауыстырылды.
Өмірзақ Асылбековтың шығармашылық қызметі мен белсенді өмірі 47 жасында «Возвращение сына» көркем фильмінің түсірілімдерінде үзілді. Картина 1977 жылы «Мосфильм» және «Қазақфильм» біріккен студияларымен түсірілген.


 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы