жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
07 Маусым 2019

Сәтпаевта алғашқы жекеменшік сәбилер балабақшасы ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Сәтбаев қаласында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында алғаш рет жаңа балабақша ашылды. Пайдалануға берілген мектепке дейінгі мекемеде 50 бала тәрбиеленетін болады. Төлемақысы көлемі мемлекеттік балабақшадағыдай болады.

«Айбол» сәбилер балабақшасы бұрыңғы кәсіпорын ғимаратында орналасқан. Екі қабаттан тұратын нысанды толықтай күрделі жөндеуден өткізген. Балалар үшін мұнда барлығы егжей-тегжейлі ойластырылып жасалған.
Мектепке дейінгі орталық мемлекеттік талапқа сай жабдықталған. Мұнда 1 мен 5 жас аралағындағы бүлдіршіндердің үш тілде базалық білім алып, шығармашылығын шыңдауға түрлі жағдайлар жасалған. Мекемеде психолог, логопед мамандарымен бірге дәрігерлерде жұмыс істейді.
Жаңа нысанда ата-аналар үшін ай сайынғы төлемақы мемлекеттік балабақшалардағыдай – 12 000 теңгені құрайды. Қалған сома мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту арлықылы жергілікті бюджеттен төленіп отырады.
– Қала бойынша мектепке дейінгі орталықтар 1- 6 жасқа дейінгі балалардың 98% қамтып отыр. Қаламызда мұндай балабақша алғаш рет ашылғанымен соңы емес. Алдағы уақытта осындай жоба негізінде 2 жобаны ұсынамыз. Осы бағытта жұмыстар өз жалғасын тауып, қаламыздың кішкентай тұрғындарын 100% қамтамассыз етеміз деген сенімдемін» - деді Сәтпаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

Сәтбаев қаласында болашақта тағы екі жекеменшік балабақша ашылады деп жоспарлануда.
Қазір қалада 1-ден 6-ға дейінгі балалардың 98% - ы мектепке дейінгі балалар мекемелеріне барады.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы