жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
06 Маусым 2019

Қарағанды облысында «Ұлы Дала Мұрасы» Халықаралық мұражай фестивалі өтеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында Елбасының «Қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары шеңберінде халықаралық мұражайлар фестивалі ұйымдастырылды. Шара 11-13 маусым күндері Жезқазған аймағында өтеді.
Фестивальдің бастамашысы - Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. Шараның басты мақсаты - тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу, қазақ халқының тарихын зерттеу, Ұлы дала өркениетін жаңғырту болып табылады.
Фестивальге отандық және шетелдік мұражайлар мен мұрағаттардың өкілдері қатысады. Түркия, Мысыр, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Моңғолиядан делегаттар келеді деп күтілуде.
«Ұлы Дала Мұрасы» халықаралық фестивалінің ашылуы 11 маусым күні сағат 10.00-де Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының алаңында (Алашахан көшесі, 22) өтеді.
Бағдарлама аясында «Тарихта өз есіміңді қалдыр» акциясы, шеберлік-сыныптар, мұражай қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер, Ұлытау маңына экскурсиялар ұйымдастырылады. Фестивальде шетелдік және отандық мұражайлардан раритеттер, бірегей жәдігерлер ұсынылады.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы