жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 10°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
05 Маусым 2019

Шахтинск қаласында Сот фронт-кеңсесі ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты азаматтармен жұмыс жасаудың жаңа форматын енгізді. Шағын қалада фронт-кеңсе ашылды, онда қажетті құқықтық кеңестер алуға және даулы жайттарды медиаторлардың көмегімен шешуге болады.
- Сот қызметі, кез келген мемлекеттік орган сияқты, халықтың нақты сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Мұны ашық, тез және сапалы жасау өте маңызды. Адам аз уақыт жұмсап, барынша нәтиже алуы керек. Бүгінгі таңда халықтың сотқа деген сенім деңгейі осыған байланысты, - деді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов фронт-кеңсенің ашылу салтанатында.
Фронт-кеңседе үш бөлім жұмыс істейді: ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі және өзіне-өзі қызмет көрсету. Кеңесшілер келушілердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайын.
Күту залы ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Сондай-ақ жаңа кеңседе WI-FI өткізіліп, гаджеттер үшін қуаттандыру құрылғылары орнатылды. Келушілерге арналып "Сот кабинеті" АЖ қызметін еркін пайдалана алатын бұрыш жасалған.
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы