жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
04 Маусым 2019

Қарағандылықтар бірінші сыныпқа қабылдауға 1000-нан аса электрондық өтінімдер берді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жаңа электрондық жүйе жұмысының алғашқы күнінде Қарағандыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 1015 өтініш берілді. Олардың барлығы әлі қарастырылу сатысында.

school.kargoo.gov.kz сайтында өтінімдерді қабылдау 1 маусымда басталды. Мұнда бірінші сыныпқа балаларды қабылдайтын қалалық мектептердің тізімі келтірілген.
Бірінші сыныпқа қабылдаудың жаңа жүйесі осы жылдың 15 мамырында таныстырылды. Порталда баланы мектепке орналастыру, бір мектептен екіншісіне ауыстыруға және оқушыларды жазғы лагерьге қабылдауға өтініш беруге болады. Мәліметтер базасында барлық мектептердің толық тізімі бар. Жаңа жүйе бір сыныпқа 25 баладан артық қабылданбайтындай етіліп құрылған. Осылайша сыныптардың шамадан тыс толып кетуінің алдын алады.
Өтінішті дұрыс ресімдеу үшін баланың электрондық фотосуреті, оның туу туралы куәлігінің скан нұсқасы және баланың денсаулық паспортының сканерленген 1, 17 және 18-ші үш беті қажет. Өтініш беруші құжаттардың қарауға қабылданғаны туралы СМС-хабарлама алады.
Бірінші кезекте таңдалғанг мектепке тіркелген мекенжайы сәйкес келетін балалар қабылданады. Биылғы жылы тіркелген мекенжайға сай келмейтін мектептерге балаларды қабылдауға 6 899 квота бөлінген. Ол жеңілдіктер кімге берілетіні тамызда шешілетін болады.

Балаларды мектепке қабылдау мәселесі бойынша 50-78-81 нөмірі бойынша «жедел желі» жұмыс істейді.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы