жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
04 Маусым 2019

Жезқазғанда 900 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысы басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жезқазғанда 900 орынға шақталған жаңа жалпы білім беретін орта мектеп мектептің құрылысы басталды. Қазіргі таңда фундамент салу, бағаналарды, плиталар мен панельдер орнату бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Жобаның авторы – «Шебер» ЖШС. Мердігер – жергілікті нарықта белгілі «Аспап» өндірістік кооперативі. Аталмыш кәсіпорын облыстағы бірнеше қалалар мен аудандарда мектептер мен әлеуметтік нысандар салған.
Құрылысты 2020 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда. Жұмыс сапасы тұрақты түрде қадағаланатын болады. Құрылыс алаңында авторлық және техникалық қадағалау да жүзеге асырылады.
Жаңа мектепте инклюзивті оқыту қарастырылған. Ол тек Жезқазғанның оқушыларын ғана емес, сонымен қатар Ұлытау ауданының балаларын да қабылдайды. Қазіргі заманғы оқу ордасының ашылуы балаларға сапалы білімге қол жеткізуге мүмкіндік тудырады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы