жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
04 Маусым 2019

Қарағандылық полицейлер көпбалалы отбасыларындағы бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының мамандары көпбалалы отбасыларға барып қайтты. Тәртіп сақшылары балаларға сыйлықтар беріп, қызметтік иттердің әрекет ету көріністерін назарларына ұсынды.
Көпбалалы отбасыларға барып қайту туралы ой Кинологиялық қызмет орталығының қызметкеріне келген екен. Олар өздері ақша жинап, доптар, ролик конькилері және ойыншықтар сатып алған.
- Көпбалалы отбасыларға көмек көрсету бастамасын барлығымыз бірауыздан қолдадық. Бір күннің ішінде қажетті соманы жинап, сыйлықтар сатып алдық. Мүмкіндігі бар барлық әріптестерімізді осындай отбасыларға қол ұшын созуға шақырамыз, - дейді Қарағанды облыстық ПД КҚО бастығы, полиция майоры Айдар Оспанов.
Сонымен қатар балалар мен ата-аналар үшін полиция қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығының аумағында экскурсия ұйымдастырды. Қонақтарға қызметтік иттер қандай жағдайда өмір сүретіні, оларды қалай жаттықтыратыны және жануарлармен қалай тіл табысу керектігі туралы айтып берді.
Кинологиялық қызмет орталығында 25 қызметкер жұмыс істейді. Кинологтарда қазіргі таңда 27 қызметтік иттері бар. Олар есірткі, жарылғыш заттарын табуға және із кезуге жаттықтырылып, үйретілген. ПД Кинологиялық қызмет орталығы осыдан 14 жыл бұрын, 2005-ші жылдың 1-ші шілдесінде құрылған. Ал жалпы өздерінің тарихын Қарағанды облысының кинолог полицейлері 1982-ші жылдан басталды деп санайды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы