жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
04 Маусым 2019

Қарағанды облысында дауыс беру күні 787 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бес күн қалды. Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Ерлан Қошанов сайлау учаскелерінің дайындық деңгейі мен жабдықталуы туралы айтып берді.

Сайлау ұйымдастырушылары дауыс беру күні аймақта 787 учаске ашылатынын айтты. Олардың барлығы толығымен дайын.
Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға ерекше көңіл бөлінді. Олар үшін кедергісіз дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған.
Тізімде барлығы 930 мыңнан астам сайлаушы бар.
Облыс әкімі сайлау күні форс-мажорлық жағдайларға жол бермеуді тағы да тапсырды. Біздің облыстың әрбір тұрғыны өзінің сайлау құқығын пайдалана алуы маңызды екенін атап өтті.
Қазақстан Президентінің сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 8.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Бұл күні облыс қалаларында автобустарда жол жүру тегін болады.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы