жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
04 Маусым 2019

Испан компаниялары Қарағандыдағы тұрғын үй ғимараттарының құрылысына инвестиция салмақ

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында испан компанияларының өкілдері мен қарағандылық кәсіпкерлердің кездесуі өтті. Екі жақ құрылыс саласындағы өзара серіктестік мәселелерін талқылады.

Испандық бизнесмендер Қазақстанға алғаш рет келгендерін айтты.
- Алдымен біз Қарағанды облысында құрылыс секторының қалай жұмыс істейтінін білгіміз келеді. Талқылау барысында бұл секторды жергілікті жерлерде дамыту үшін не қажет екенін түсіну керек. Пилоттық жобада біз еуропалық стандарттарға сәйкес келетін тұрғын үй құрылысын салғымыз келеді. Және жақын уақытта тез бастау қажет болады. Қарағанды аумағында орын көп, биік емес үйлер салуға болады. Сондай-ақ біз құрылыс кезінде үй-жайда қыста да, жазда да қажетті температураны сақтау үшін климаттық ерекшеліктерді зерттеуді көздеп отырмыз, - деп түсіндірді «Kursaal» компаниясының менеджері Йосу Эрнандес Сатурио.
Аталмыш компания 1998 жылдан бастап ғимараттарды қайта жаңартумен айналысады. Компанияда сондай-ақ Испанияның ең суық бөлігі - Басков елінде тұрғын үй салу тәжірибесі бар.
Қарағанды облысы бойынша құрылысшылар қауымдастығының директоры Наиля Қайырбекова құрылыс компанияларының бір кластерге бірігуі Қарағанды өнеркәсібін дамытуға көмектесетінін атап өтті. Шетелдік әріптестердің ұсынысын Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының басшысы да қолдады.
- Қарағанды облысында бірнеше жыл бойы құрылыс кластері дамып келеді. Қазақстандық индустрияны дамыту институтының қолдауының арқасында біз нақты іс-қимылдарға көшеміз. Сапар барысында Қазақстан Республикасының заңнамасымен де танысуға мүмкіндіктеріңіз болады деп үміттенеміз, - деді Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов.
Испан делегациясы Қарағандыда 6 маусымға дейін болады. Қонақтар өңірдегі 20-ға жуық кәсіпорынға баруды жоспарлап отыр.

Қарағанды облысы «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы