жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
04 Маусым 2019

Қазақстандық бағдарламалаушылар ҚР Президентін сайлау кезінде көмек көрсететін виртуалды көмекші құрастырды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қазақстандық бағдарламалаушылар Қазақстан Республикасы Президентін сайлау алдында ақпараттық-анықтамалық жоба құрастырды. Жоба пайдаланушылар тарапынан электоралды және сайлау тақырыбында келіп түсетін сауалдарға жауап беруге бағдарламаланған Telegram чат-боты болып табылады.
Арнайы жастар аудиториясы үшін құрастырушылар ойдан шығарылған «Сайлаумэн» (SAILAUMAN) интернет-кейіпкерін құрған. Виртуалды көмекші «Сайлаумэн» чат-боты тұтынушыларға келесідей қызметтерді ұсынады:

• Сайлаудың жүргізілу барысы туралы ақпарат;
• Өзіңіздің сайлау учаскеңізді қалай табуға болатынын;
• Сайлаушылар, байқаушыларға арналған нұсқаулықтар;
• Алдағы ҚР-ғы сайлауға қатысты басқа да ақпараттық-анықтамалар.
«Сайлаумэн» чат-боты ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға бағдарламаланған. Бұған қоса Telegram-ғы чат-ботқа қосымша ретінде бағдарламалаушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі платформада да «Сайлаумэн» нұсқасын қарастырған. Аталмыш желіде анықтамалық ақпарат комикстер ретінде жарияланатын болады.
Құрастырушылардың ойлап тапқан «аңызына» сай, Сайлаумен жуырда 18 жасқа толған және де алдағы Қазақстан Президентін сайлау – оның қатысқалы отырған алғашқы сайлауы. Кейіпкер сайлау процессіне қатысты барлық материалдармен танысып, көптеген ақпарат жинаған, енді сол білген-түйгендерін достарымен Telegram арнасында және өзінің Instagram парақшасында бөлісуге дайын.
Өзі үлгі бола отырып, виртуалды көмекші жастарды сайлауға қатысуға ынталандыруға, сондай-ақ сайлау және сайланған азамат болу мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесінің іргетасы болып табылатынын және де дауыс беру маңызды, жауапты және күрделі емес әрекет екенін түсіндіруге тырысады.
«Сайлаумэн» қазірдің өзінде желілерге қосылған, Instagram желісіндегі жазылушыларының саны 20 000 асқан, және де ол сайлау туралы сауалдарға тәуліктің кез-келген уақытында жауап беруге дайын.

Әлеуметтік желілерге сілтемелер:
Telegram
https://t.me/electionqazbot
Instagram
https://www.instagram.com/sailauman/


 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы