жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 18°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
16 Мамыр 2019

Қарағандыда жыл соңына дейін 7 жаңа емхана ашылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда жыл соңына дейін 7 емхана ашылады. Барлық медициналық мекемелер МЖӘ желісі бойынша жеке инвестициялар есебінен салынатын болады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзінің твиттерінде жазды.
Және белгілі болғандай, қала жаңа емханамен толықты. Нысан тұрғын үй массивінде салынды. Ол заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл жерде жалпы тәжірибе дәрігерлері қабылдайды. Емшара және егу кабинеттері, шұғыл көмек көрсету және алдын алу кабинеті бар. Пациенттердің ыңғайлылығы мен кезектің болмауы үшін қажетті барлық жағдайлар ұйымдастырылған.
Жаңа денсаулық сақтау мекемесінде облыс әкімі Ерлан Қошанов болып қайтты. Өңір басшысы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
«Елбасы емханалардың қалың елді мекендерде қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша болуын тапсырды. Осыған байланысты бізде жалпы жоспар әзірленді. Биылғы жылы 18 шағын емхана ашу жоспарлануда: Қарағанды қаласында-жетеуі, қалалар мен аудандарда – 11», – деді облыс әкімі.
Мысалы, Майқұдық шағын ауданында жаңа емхана құрылысы басталды. Инвесторлардың айтуынша, мемлекет қажетті көмек көрсетуде. Құрылыс алаңын аралау кезінде өңір басшысы қол астындағыларға медициналық орталыққа баратын қоғамдық көліктердің жақсы жүруін ұйымдастыруды және кірме жолды жөндеу мәселелерін шешуді тапсырды.
Ал инвесторлар болса, өз есебінен емхана аумағын көркейтуге уәде береді. Емханаға 21 мыңнан астам адам тіркеледі деп жоспарлануда.
- Біздің ауданда қарттар мен балалар көп. Біз осы емхананың ашылуын асыға күтеміз, құрылысты қадағалаймыз. Дәрігерлерге қаралу үшін алысқа бармайтынымыз қуантады. Менің анамның аяғы ауырады, әрдайым емханаға бару үшін такси шақыруға тура келеді, - деді шағын ауданның тұрғыны Татьяна Зилипукина.
Жаңа емхана желтоқсан айында ашылады деп жоспарлануда. Ерлан Қошанов әлеуметтік нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы