жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 32°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
16 Мамыр 2019

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша триатлон-саябағы ашылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

 

Қарағандыда ашық аспан астында спорт алаңы салынуда. Қалада бірінші және жалғыз триатлон-саябағы пайда болады. Оның құрылыс барысымен облыс әкімі Ерлан Қошанов танысып қайтты. Триатлон-саябағы «Көгілдір тоған» шағын ауданы мен Оңтүстік-Шығыс арасында орналасады.
- Жұмыстар кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Біз құрылыс алаңын дайындадық, аумақты тазаладық. Қазір біз қажетті рұқсаттамаларды аламыз. Жағалау жолағын тазартып, жарықтандыру жұмыстарына кірісеміз, - деді «Eurasia Building» тобының төрағасы Айдос Мұхатаев. - Шахтерлер күніне қарағандылықтарға сыйлық жасау үшін тамыз айында құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Триатлон- саябағында тартан мен асфальтбетоннан жасалған ұзындығы 5 шақырым жүгіру және велосипед жолдары салынады. Жүзу үшін алыс және қысқа қашықтықтарға понтондар жабдықталады. 100 велосипедке арналған спорт алаңы мен транзиттік аймақ, автотұрақ, теннис корты, қарт адамдар мен кішкентай балалары бар аналарға арналған демалыс аймағы қарастырылған.
Жаңа спорт нысанында халықаралық жарыстар өткізуге болады.
- Салауатты өмір салты үшін қала тұрғындарына осындай саябақ қажет. Мен жоба жақсы ойластырылғанын, спортпен шұғылдануға және демалуға жақсы жағдай жасалатынын көріп отырмын, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Аймақ басшысы саябақтың аумағын мүмкіндігінше көбірек көгалдандыруға тілек білдірді. Құрылыс орнында 300 ағаш отырғызған. Компания басшысының айтуынша, жыл соңына дейін жасыл желектер саны 10 есеге артады.
Триатлон-саябағын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс компаниясы салады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының қарамағына көшіріледі. Жергілікті билік алдағы уақытта спорт нысанына кірме жолдарды жайластырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Келушілерге ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлік маршруты іске қосылады.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы