жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
15 Мамыр 2019

Сүт өңдеу саласында жергілікті шикізат сатып алу қарқындатылуда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Теміртауға жұмыс сапары барысында «Ren milk» ЖШС және «АЯН м» ЖШС болып қайтты. Ол сүт өнімдерін өндірудің технологиялық үдерістерімен танысып, кәсіпорын басшыларымен мемлекеттік қолдау көрсету мәселелерін және саланы одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Бұл зауыттар облыста өндірілетін сүт өнімдерінің 65%-ын, оның ішінде майлылығы 2,5% сүт және айран сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығарады. Сүт ассортименті өндірісінде теміртаулық өндірушілер консерванттарды пайдаланбайды. Барлық өнімнің заманауи сапа сертификаттары бар және Теміртау, Қарағанды және облыста, сондай-ақ Нұр-Сұлтан астанасында сатылады.
- Біз үшін өңдеуші кәсіпорындардың жергілікті шикізатпен жұмыс істеп, тұрғындар мен кооперативтерден сүт қабылдауы өте маңызды. Сондықтан мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламалары одан әрі шикізат сатып алуды ұлғайтуға бағытталатын болады. Қазір мемлекет тауар өндірушілердің инвестициялық салымы кезінде шығындарды субсидиялау үшін айтарлықтай қаражат бөледі. Бұл бағдарламаны одан әрі дамыту, шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейту үшін пайдалану қажет, - деп атап өтті Серік Шайдаров.
Кәсіпорын басшылары шығарылатын өнімнің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, өндірісті кеңейту жоспарлары туралы айтып берді. «Ren milk» ЖШС директоры Василий Рычков тұрғындардан сүт қабылдауға зертханашылар баратын маршруттар санының артқанын хабарлады. «АЯН м» ЖШС ірімшік өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын басшылары өнімді сату кезінде «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті түрде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілей отырып, жеткізу шарттары жасалатынын атап өтті.
Қарағанды облысы әкімдігінің аппараты
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы