жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Мамыр 2019

Қарағандыда жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер форумы өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда Жас натуралистер станциясының базасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған "Табиғатты аяла" облыстық форумы өтті. Оған өңірден келген жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер қатысты.
Қатысушылар өз зерттеулері мен жобаларын ұсынды. Қазылар алқасы "Туған өлкені зерттейміз", "Жасыл экономика", "Денсаулық және қоршаған орта", "Экоәлем", "Жасыл оазис", "Табиғаттың құтқару шеңбері" экологиялық квест номинациялары бойынша үздік жұмыстарды таңдады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Үздік жұмыстардың авторлары биылғы жылы 11-13 маусымда Қарағандыда өтетін форумның республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы