жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Мамыр 2019

Қарағандылық полицейлер самбо бойынша республикалық турнирде алты медаль жеңіп алды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Алматы қаласында өткен самбодан республикалық турнирде Қарағанды облысы Полиция департаментінің алты қызметкері бірінші және жүлделі орындарға ие болды. Жарыс Жеңіс күніне және Жастар жылына арналды.
Турнирге республиканың құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан командалары қатысты. Спортшылар самбо және жауынгерлік самбо күресінен 9 салмақ дәрежесінде күш сынасты.
Қарағандылықтар құрмет тұғырына бірнеше рет көтерілді.
Жауынгерлік самбо бойынша СОБР қызметкерлері Алтын медальға ие болды: Тайбек Омаров (62 кг) және Құдайберген Төлеубаев (100 кг). 90 келі салмақ дәрежесінде Бұқар-Жырау Мұстафин атындағы кентінің жедел уәкі Шыңғыс Ізмұханов күміс жүлдегер атанды.
Самбодан 100 кг салмақ дәрежесінде Санат Амантаев жеңіске жетті. Қола жүлдені СОБР взвод командирі Нұржан Халилин (100 кг) және СОБР инспекторы Айдын Дартаев (90 кг) иеленді.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы