жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Мамыр 2019

Қарағанды облысындағы Халықаралық мұражайлар күні қалай атап өтіледі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Халықаралық мұражай күні 18 мамырда атап өтіледі. Осы мерекеге орай мұражай қызметкерлері креативті жобалар мен ерекше ойын-сауық-танымдық бағдарламалар дайындайды.
16 мамырда Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "дизайнерлік жиын" шоуы өтеді. Қонақтарға теріден жасалған экокартиналар, гидропоника әдісімен жасалған фитокартиналар, 3D-принтерде басылған арт-нысандар, интерьер дизайны, киім, шаш үлгісі және тағы басқалар ұсынылады. Басталуы: 18.30. Билет құны – 200 теңге.

17 мамыр күні сағат 14.00-де Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Түркі әлемінің бесігі" атты бағдарлама ұсынылады. Келушілерге салт-дәстүр, түркі жазуы туралы айтып, қымыз дайындауға үйретеді. Мұнда "Шежіре Life" - "Менің отбасымның тарихы" атты облыстық байқаудың қорытындысы шығарылады. Кіру тегін.

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында 17 мамырда дәстүрлі "Жәдігер бенефисі" өтеді. Осы жылы мереке музыкалық аспаптар тақырыбына арналды. Келгендер көне гитаралар мен домбыраларға қарап қана қоймай, квестке де қатыса алады. Ол үшін мұражай алдындағы алаңда сегіз шығармашылық алаң ұйымдастырылады. Командалар бірнеше тапсырмаларды орындайды: "жоғалған" құралдарды табу, тарақта әуенді ойнау, "музыкалық" суретті бояу және гармошканы жинау. Мерекенің басталуы: 12.00. Кіру тегін.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Долина мұражайында 17 мамырда дәстүрлі "Мұражайдағы түн" акциясы өтеді. Қонақтар үшін бұрынғы Карлаг штабының залдары мен жертөлелері бойынша театрландырылған экскурсия өткізіледі. Одан кейін мұражай алдындағы алаңда театрландырылған шоу өтеді. Басталуы: 19.00. Билет бағасы - 2000 теңге. Билеттерді алдын ала мұражай кассасынан сатып алуға болады.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы