жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Мамыр 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы журналистік материалдар байқауы басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналистер, блогерлер мен вайнерлер арасында үздік жарияланым байқауын өткізеді. Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жазылған материалдар ұсыну қажет.
Байқауға БАҚ-та немесе әлеуметтік медиа-ресурстарда жарияланған немесе 2019 жылғы 1 мамырдан 1 тамызға дейінгі кезеңде эфирге шыққан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жұмыстар, сондай-ақ жарияланымдар циклі қабылданады. Жұмыс саны шектелмеген.
Байқау комиссиясы 4 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады:
– «Үздік интернет – жарияланым»;
– «Үздік телевизиялық жұмыс»;
– «Үздік баспа жарияланым»;
– «Үздік вайн».
Байқау азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеріп,
жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтарды сақтап, нығайтуға бағытталған.
Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2019 жылдың 10 тамызына дейін қабылдайды.
Байқауға қатысатын жұмыстар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:
010000, Нұр-Сұлтан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705-кабинет.
Тел. + 7 (7172) 909-199, ұялы: + 77782882077, электрондық пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы