жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
29 Сәуір 2019

Қарағанды қаласындағы кітапханада «Этноконструктор» пайда болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы киіз үй құрастыру бойынша тренингтер өткізуде. Оқушыларға арналған «Этноконструктор» ойыны халық мәдениетін, тарих пен рухани мұраны насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасы аясында әзірленген.
Ойынды өз көздерімен көріп, танысуға №16 ЖББОМ төменгі сынып оқушылары жиналды. Келген балаларға қазақ даласының тарихы туралы баяндалды. Оларды киіз үйдің негізгі құрылымдары және әбзелдерімен таныстырды. Сонан соң оқушылар мамандардың жетекшілігімен экологиялық таза материалдардан жасалған «киіз үй» этноконструкторын жинады.
Киіз үй – қазақ халқының көпғасырлық атамұрасы, қастерлейтін жәдігерлерінің бірі, оның мңызы мен мәні қазіргі уақытқа дейін сақталған. Киіз үймен қазақтарды барлық өмірі байланысты болған. Шаңырақ отбасылық жәдігер болып саналып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Киіз үй халқымыздың көшпенді өмірінің болмысын көрсетеді жәнеде оның қай жағынан қарасаң да ұтымдылығы басым. Суықтан да, ыстықтан да қорғай алатын жақсы қасиеттерге ие баспана болған.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы