жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
16 Сәуір 2019

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік курстары анағұрлым қолжетімдірек бола түсті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандылықтарды кәсіпкерлік негіздерін тегін үйренуге шақырады. «Атамекен» ҰКП «Бизнес-Кеңесші» жобасына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Курстар брынғыдан да қолжетімдірек бола бастады, себебі бұдан былай оқыту онлайн режимінде жүргізіледі.
Виртуалды сабақтарға кіру үшін екі қарапайым қадам жасау керек. Біріншісі-қаржылық емес қолдау операторының веб-порталына кіру https://services.atameken.kz. Екіншісі – тіркеу үшін электрондық сауалнаманы толтыру.
- Электрондық өтініш тіркелгеннен кейін, қатысушыға барлық оқу материалдары қолжетімді болады. Оқу мерзімі шектелмеген, әркім ыңғайлы кестені таңдайды. Оқудан өткеннен кейін тыңдаушыға тестілеу өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетілген хабарлама жіберіледі. Қорытынды емтихан КҚКО/КҚО базасында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында өтеді, - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Мұратбек Мұхатаев.
Тестілеу кезінде 70% және одан да көп дұрыс жауап жинаған жоба қатысушылары сертификат алады. Аталмыш құжат бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржылай қолдау ала алады.
Бизнес-жаттықтырушының айтуынша, осы күнге дейін 38 қарағандылық онлайн-оқытудан өтті. Жыл басынан тағы 100-ден астам адам ай сайын өткізілетін офлайн-сабақтарына қатысқан.
Келесі офлайн-сабақ 13-14 мамырда өтеді.
«Бизнес – Кеңесші» жобасы - кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және әркеттегі бизнесі бар кәсіпкерлерді өз ісін құру, маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің заңды негіздері, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқудан өту жобасы.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы