жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 27°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
02 Сәуір 2019

Қарағанды облысында 2041 жылға дейін көмір өндіру жобалары құрылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті барлық 13 кәсіпорын – шахталар мен байыту фабрикаларының даму стратегиясын әзірледі. Айта кету керек, құжатта 2042 жылға дейінгі кезең қамтылған.
2020-2041 жылдарға көмір өндіру жобаларын әзірлеуге арналған техникалық тапсырма «Қарағандыгипрошахт» ЖШС институтына берілді. 2019-2023 жылғы стратегияда көмір өндіруді 10%-ға (2018 жылғы деңгейге қарағанда) және 20%-ға арттыру көзделген.
Жаңа технологияларды дамыту, жабдықтарды жаңғырту, құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Ірі жобалардың қатарында «Тентек» шахтасында жаңа клеткалық оқпан салу; Күзембаев атындағы шахтаны желдетуді қайта жаңарту. «Восточная» ОБФ қалдық қоймасының екінші кезегінің құрылысы бар.
Көмір департаментінің барлық шахталарында жайғастыру жүйесі енгізілуі тиіс. Ол өндірісте автоматтандырылған және сандық бақылау әдістерін дамытуды, тау-кен шахталық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді. Мұндай жүйе «Қазақстан» шахтасында сыналды.
Бүгінде КД кәсіпорындарын цифрландыру деңгейі шамамен 60% құрайды.
Стратегияны орындау кеншілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді және жер асты еңбегінің қауіпсіздігін арттырады.

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы