жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
24 Наурыз 2019

Ерлан Қошанов: "Теннис кортын салу үшін басқа орынды іздеңіз!»

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды қаласының орталық саябағында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Облыс әкімі Ерлан Қошанов бірнеше киіз үйде болып, көрмелер мен экспозицияларды тамашалады.
Аймақ басшысы сондай-ақ ең ірі теннис орталығы салынады деп жоспарланып отырған аумақта болып қайтты.
Ерлан Қошанов аталмыш спорт нысанына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Ол үлкен теннис әуесқойлары үшін басқа орын табуды тапсырды. Облыс әкімі жоспарланған құрылыс орнында кейбір бағаналарды қалдырып, қоршау толығымен алып тасталмағанына наразылығын білдірді.
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров алдағы күндері жағдайды түзетуге уәде берді.
Сондай-ақ Ерлан Қошанов қала, парк басшылығына және өзінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасарына бірнеше тапсырма берді.
Біріншіден, орталық саябаққа табиғат ескерткіші мәртебесін қайтару қажет. Бұл жағдайда парк ерекше қорғалатын аумақ болады және болашақта ешкім бұл жерде қандай да бір құрылысты аша алмайды. Жергілікті билікке бұл мәртебені заңды түрде ресімдеу керек болады: нормативтік актіні қабылдау және құжаттарды ресімдеу үшін не істеу қажет екенін анықтаулары тиіс.

Екіншіден, Ерлан Қошанов бір ай аралығында құрамында қаланың жанашыр азаматтары, щаһарда бұрыннан тұрып келе жатқан тұрғындар мен тәуелсіз экологтары бар Қамқоршылық кеңесін құруды тапсырды. Саябақта абаттандыру бойынша жоспарланған кез келген ұсыныстарды бірінші кезекте осы Қамқоршылық кеңесі талқылайтын болады.

- Үшіншіден – теннис орталығы үшін жаңа орын іздеңіз. Республиканың теннис Федерациясы осы мәселеге түсіністікпен қарайды. Олардың мәлімдемесін барлығымыз естідік. Шынымен де қомақты қаражат салуға дайын инвесторға басқа орын ұсыну қажет, - деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі саябақты көгалдандыру жалғастырылатынын атап өтті. Ол қала тұрғындарын шаһарымызда жаппай ағаш отырғызу акциясына қатысуға шақырды.

Ересектер мен балалар қайың аллеясында ұя орнататын науқанға қатыса алады. Белсенді демалыс үшін Ерлан Қошанов саябақ аумағында ашық спорт алаңдарын қалпына келтіруді ұсынды.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы