жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
22 Наурыз 2019

Қарағандыда Наурыз мерекесі тойлануда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда Наурыз мейрамына арналған халықтық серуен өтіп жатыр.
Достық Үйінің алаңында «Қош келдің-Әз Наурыз!» шарасы өтуде. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Наурыз думан даламда» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Ал Теміржолшылар мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Күлімде, Наурыз, күлімде!» театрландырылған қойылым өтуде. «Молодежный» МҮ жанында «Наурызым-ұлыс берекем!» мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Ең ауқымды серуен орталық саябақта өтеді. Жағалауда қарағандылықтар мен қала қонақтары «Наурыз – Еліміздің Ұлы күні» атты театрландырылған көрінісін тамашалады. Қала тұрғындарын Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров құттықтады.
Сондай-ақ мерекелік концерт кезінде «Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті.
- Біздің «Харекет» қайырымдылық қоры небәрі бір жыл жұмыс істеп келеді, бірақ осы уақыт аралығында 82 отбасын баспанамен қамтамасыз ете алдық. Бүгін де, мереке күні Қарағандыдан шыққан көп балалы анаға пәтер кілтін табыстаймыз, - дейді Қарағанды облысы бойынша қайырымдылық қорының өкілі Ақтоты Жүнісова.
Оның айтуынша, алты баланың анасы Ардақ оларға құжаттарын тапсырғанына бір апта ғана уақыт өткен, ал бүгін Майқұдық ықшам ауданында екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.
- Үлкен рахмет, мен барлығына және «Харекет» қорына өте ризамын. Мен жесірмін, жалғыз өзім алты баланы асырап отырмын. Үлкен ұлым 21, ал кіші қызым 9 жаста. Бес жыл бұрын Қарағандыға көшіп келдік, осы уақыт ішінде біз пәтер жалдап тұрдық, өте қиын болды. Бірақ бүгін, Наурыз мейрамында маған тосын сый жасады, пәтер кілттерін табыс етті, мен өте қуаныштымын. Айта кететін жайт, қазір Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша мен сияқты көп балалы аналарға барлық қажетті көмек көрсетіле бастады. Бұл үшін Елбасына, жергілікті билікке және осындай қайырымдылық қорларға алғысымды білдіремін, - деді көпбалалы ана Ардақ Жұмабекова.
Орталық саябақта Наурыз мерекесіне қарай 30 экспозициялық киіз үй мен 20-ға жуық сауда шатыры орнатылды. Мұнда «шеберлер қаласы» мен алтыбақан орнатылды.
Облыстық өлкетану мұражайы екі киіз үйді ұсынды. Онда Ұлы даланың жеті қырын бейнелейтін дәстүрлі қазақ қолөнері мен жәдігерлерін көруге болады..
Саябақта мерекелік іс-шаралар мен концерт жалғасуда. Сахнада халық ұжымдары мен Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда Наурыз мейрамын тойлау бір күнмен шектелмейді. 25 наурызға дейін қалада ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмелері, сұлулық байқаулары, ұлттық тағамдарды дайындау бойынша отбасылық сайыстар өтеді.
Аула клубтарында ашық алаңдарда мерекелік концерттер мен ұлттық спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

23 наурыз күні сағат 14.00 Орталық саябақта «Наурыз думан!» концерті басталады.
23 және 24 наурызда «Молодежный» МҮ Пришахтинск тұрғындары «Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы» мерекелік бағдарламасын тамашалай алады. Ал «Теміржолшылар» МС-да «Көктем шуағы» концерті өтеді.
24 наурызда сағат 14.00-де орталық саябақ сахнасында «Наурыз көктем!» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы