жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
20 Наурыз 2019

Жезқазған қаласында 30 отбасы баспаналы болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Наурыз мейрамы қарсаңында Жезқазған қаласында 30 отбасына жаңа үйден пәтер кілттері табысталды. Барлық қоныстанушылар Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдетілген бағдарламасына қатысшылар.
Жаңа пәтер иелерінің қатарында мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар бар. Алайда олар жылжымайтын мүлікті сатып алуға қарыз алу мүмкіндігін пайдалануды шешті. Бұған несие берудің жақсы шарттары ықпал етті: жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% және бастапқы жарна мөлшері пәтер құнының 20% құрайды.
Жезқазғанда тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Биыл республикалық бюджет есебінен 60 пәтерлі тұрғын үй салынады. Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен салынған 90 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл тұрғын үй "7-20-25" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады.
2020 жылға қарай Жезқазғанның 226 тұрғыны қоныс тойын тойлайды. Бұл 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін қалада көпқабатты тұрғын үйлер салынбағанын ескерсек, жақсы көрсеткіш.
2017 жылдан бастап қалада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жағдай жасалды. 600 жер учаскесін қамтитын инженерлік желілер жүргізілді. Осы жылы тағы 502 учаскені абаттандыру жоспарлануда.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы