жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
20 Наурыз 2019

Қарағандыда теміржол вокзалының ғимараты уақытша жабылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

26 наурыздан 1 қыркүйекке дейін Қарағанды теміржол вокзалының ғимараты жабық болады.
- Вокзалды жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабамыз. Біздің барлық қызметкерлеріміз автовокзал ғимаратына уақытша жұмыс істеуге көшеді. Ал күн жылығанда жолаушылар үшін перронда және вокзал маңындағы аумақта күту аймағы болады. Біз уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - дейді Қарағанды вокзалының бастығы Назгүл Ғалиасқарова.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды теміржол вокзалын қайта қалыпқа келтіру өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. 2018 жылдың желтоқсан айының басында күрделі жөндеуге байланысты вокзал ғимаратының оң жақ қанатына кіру жабылды. Төрт мемлекеттік касса автовокзал ғимаратында жеке күту залына ауыстырылды.
Жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы