жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
15 Наурыз 2019

Қарағанды-Балқаш авто жолын жөндеу 2019 жылы басталады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр келді. Оны «Арселлор Миттал Теміртау» комбинатында жұмыс процессінің қайта қалай жанданып жатқаны қызықтырды. Өткен жылы қарашада мұнда ірі апат орын алған болатын.
Министр бірқатар кәсіпорындардың да жұмысмен танысты. Сонымен қатар Роман Скляр Теміртау-Қарағанды авто жолының құрылысымен айналысып жатқан мердігерлермен кездесті. Осы жерде оған аймақта жол жүйесін дамыту бойынша жасалып жатқан жұмыстар айтылды.
- Қарағанды облысы өнеркәсіптік өндіріс өсімін көрсетіп отыр. Жаңа кәсіпорындар пайда болуда. Көліктік логистиканың дамып жатқаны да өте маңызды, - деді Роман Скляр. – Сіздер биыл Қарағанды айналма жолының құрылысы аяқталатынын білесіздер. Биылдан бастап ұзындығы 363 шақырым Қарағанды-Балқаш авто жолының аумағын салу басталады. Бұл ел үшін де, аймақ үшін де аса қажет.
Жалпы жол құрылысына 243 млрд.теңге жұмсалады, оның 24,4 млрд теңгесі 2019 жылы бөлінген. Жоба 2022 жылға дейін жүзеге асырылады деп жоспарланған.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен министр Теміртау-Қарағанды бағытында жұмыс жүргізіп жатқан мердігерді сынға алды. Біріншіден, аяқтау мерзімін созып жіберген, екіншіден, мердігердің қателігінен жаңа жол участкесінде жарықшақтар пайда болған.
«СейСер» мердігерлік фирмасы келісім бойынша мерзімде биыл өз қаражатына олқылықты түзетуі тиіс. Олай болмаған жағдайда кәсіпорын «қара тізімге» енеді, деп ескертті Роман Скляр.
«Арселлор Миттал Теміртауда» министрге бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша металлургиялық комбинат өткен жылғы қуаттылығына қайта енуі тиіс деп баяндады. Жақында үшінші конвертер іске қосылған. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басиннің сөзінше, бүгінде тәулігіне 9,5 мың тонна болат өндірілуде.
Биыл компания өнім өндірісін 3,8 млн тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Теміртау электрометаллургиялық комбинатын аралау барысында кәсіпорынды дамыту бойынша жоба талқыланды. Жобамен оның құны 5-7 млрд теңгені құрайды. Комбинатта жаңа пеш салынады деп көзделуде. Бұл ферроқорытпа өндірісін екі есеге ұлғайтуға және өнім желісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Министр кәсіпорын мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін пайдалана алады деп уәде етті.
Роман Скляр Қарағанды машина құрылысы-құю зауыты «Maker» ЖШС жұмысымен танысты. Онда ауқымды жаңғырту жүргізілген. Сондай-ақ ол «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингіне және «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС барды.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы