жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Наурыз 2019

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында жаңа пәтер кілттері берілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

14 наурыз Сәтпаев қаласында отбасылық жатақхана кілттері салтанатты түрде табысталды. Жаңа баспанаға Жезқазған кентінде тұрып келген отбасылар қоныстандырылды.
Жанұялық жатақхана Сәтбаевтің орталығында орналасқан. Жақын маңда екі мектеп, балабақша бар және оқушылар сарайы салынып жатыр.
Жатақхана екі корпустан және 28 блоктан тұрады. Онда 62 отбасы тұратын болады. Әр секторда үш комнатадан, жеке санитарлық торап, жуыну бөлмесі және жиһазбен, электрлі плитамен жабдықталған жеке ас үйі бар. Бірінші қабатта екі оқу залымен кітапхана орналасқан. Отбасылық жатақхана ғимараты бір жылға жетпей салынып, пайдалануға берілді.
Весовое ауылы мен Жезқазған кентінің тұрғындарын Сәтбаев қаласының жаңа шағын аудандарына қоныстандыру Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау аймақтарын 2012-2020 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарына сай жүзеге асырылуда.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы