жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Наурыз 2019

ҚМУ клиникасында емделушілерді арнайы гимнастикаға үйретуде

Фото: karaganda-region.gov.kz

ҚМУ клиникасында терапиялық аурулар үшін арнайы гимнастика енгізілуде. Негізгі жаттығуларды медиктер қарттарға арналған қытай гимнастикасынан алған.
Жаттығу бағдарламасына 25 қарапайым қозғалыс кіреді, оның әрқайсысын 15-20 рет қайталау керек. Кешен құлақ, қол буындары нүктелерін, табанды уқалау, мойын, іш бұлшық еттерін босаңсыту және тарту жаттығуларынан тұрады.
- Мұндай жаттығуларды әртүрлі ауруы бар терапиялық емделушілерге: остеохондрозбен, асқазан-ішек құрылысы және тағы басқа аурулары барларға жасауға болады. Ол бірінші кезекте, психологиялық тұрғыда пайдалы. Адам өзін ауру санаудан арылады, төсекте жата бермейді, қозғала бастайды, осылайша өзін дерттен айығуға ұмтылдырады, - дейді ҚМУ медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі Лариса Мациевская.
Алғаш рет мұндай гимнастика Ұлы отан соғысы ардагерлеріне көмек облыстық орталығында екі жыл бұрын енгізілді. Алайда ол кезде бұл жаттығулар жиі жасалмады, себебі дәрігерлер оған уақыт бөле алмады. Қазір облыс орталығында университет клиникасы ашылған кезде емделушілермен бірге жаттығуды студенттер жасай алады. Олар әр түрлі диагнозы бар адамдарға арналған жаттығулар кешенін жетілдіріп, дамыта береді.
- Біз мұндай гимнастиканы облыстың барлық емханалары мен клиникаларына енгізу туралы ұсыныспен шықпақшымыз. Бұл емдеудің көмекші әдісі зиянсыз және шығынды талап етпейді. Бізде қуана-қуана онымен айналысатын студенттер мен еріктілер бар, - дейді медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының профессоры Вилен Молотов-Лучанский.
Естеріңізге саламыз, облыстық ҚМУ көпсалалы клиникасы Қарағандыда өткен жылдың желтоқсанында бұрынғы №2 қалалық емхана ғимаратында ашылған болатын. Ол 100 орынға шақталған.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы