жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Наурыз 2019

Қарағандыда композитор Кенен Әзірбаевтің шығармашылығы мен өмірі туралы фильмнің тұсаукесері өтеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

15 наурыз, 14.00-де «Сарыжайлау» кинотеатрында халық композиторы, ақын, әнші Кенен Әзірбаевтің ұрпақтарымен кездесу өтеді. Көрермендерге оның өмірі мен өнері туралы түсірілген фильм көрсетіледі.
"Алатаудың ақиығы" атты фильмді Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуы орай "Түркі әлемі" телестудиясы түсірген. Сценарий авторлары - Бақытжан Әзірбаев пен Доқтырхан Тұрлыбек. Режиссері - Доқтырхан Тұрлыбек.
Кенен Әзірбаев –қазақтың белгілі халық ақыны, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО жазушылар және композиторлар одағының мүшесі. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген (қазір Кенен Әзірбаев атындағы ауыл).
Кенен Әзірбаев – Жамбылдың шәкірті болған. Музыкаға жазылған 150-ден астам өлеңдердің авторы. Ол күміс көмей әнші, қазақтың белгілі ақындары –Біржан сал, Ақан серінің ән-жыр дәстүрін жалғастырушы. Кенен Әзірбаев шығармаларының негізгі тақырыбы халқының өмірі, арманы мен мұңы, үміті болған. Оның ең танымал әндері – «Бұлбұл», «16 жыл», «Базар Назар» және «Әли батыр», «Қырғызбай» эпостары.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы