жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Ақпан 2019

Осы жылы Қарағандыда төрт емхана ашылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Биылғы жылы облыс орталығында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша төрт емхана ашылады. Осы және өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы басқа да жаңалықтар туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлімдеді.
- Президент емханалардың ашылуына баса назар аударады. Біз бұл мәселемен жіті айналысудамыз және оңтайлы шешім таптық – жеке инвестицияларды тартамыз, - деді аймақ басшысы.
Өткен жылы облыс орталығында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша екі емхана ашылды. Осы жылы дәл осындай схема бойынша тағы төртеуі жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, Қарағандыда 300 орынға шақталған заманауи көпсалалы клиника пайда болады, оның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.
Көктемде Теміртау қаласында емхана құрылысы басталады. Жезқазғанда осы жазда аурухана қалашығын қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталады. Оның аумағында диагностикалық орталық, тіс емханасы және балалар санаторийі пайда болады.
Биылғы жылы Қарағанды облысында дәрігерлерге 60-тан астам қызметтік пәтер бөлінеді.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы