жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
11 Ақпан 2019

Қарағандыда «Қазақстан - менің алтын бесігім» балалар фестивалінің жеңімпаздары таңдалды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда «Қазақстан – менің алтын бесігім» фестивалінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Оған жетімдер үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Биылғы жылы фестивальге 45 бала жиналды. Олар үш номинация бойынша шығармашылық нөмірлерін ұсынды: xалық билер байқауы - «Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі», вокалистер байқауы - «Жүрек жылуы» және музыкалық-театралдық қойылымдар байқауы - «Ризамын халқыма».
Қазылар алқасы жеңімпаздарды іріктеді. Би номинациясында 1-ші орынды Осакаров ауданының Литвин мектеп-интернатының «Арман» ансамблі иеленді. Вокалшылар байқауында «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Есения Исаева жеңіске жетті. Ал «Ризамын халқыма» номинациясында қазылар назарына «Сыған серенадасы» мюзиклін ұсынған «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері үздік деп табылды.
«Ең жарқын жұлдыз» арнайы номинациясында «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі Павел Чичулин атап өтілді.
Облыстық фестивальдің жеңімпаздары Алматы қаласында 28-ші ақпаннан 1-ші наурызға дейінгі аралықта өтетін республикалық кезеңде бақтарын сынайды.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы