жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
08 Ақпан 2019

Әкімдердің есеп беру кездесулері: Шахтинск басшысы «ұмыт қалған шалғайдағы мекендердің» хаттарына жауап берді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов халық алдында 3 сағаттық есеп берді. Осы уақыттың жартысынан көбі сұрақтарға жауап қайтаруға жұмсалды. Жергілікті тұрғындарын ТКШ, абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері толғандыруда.
2018 жылы Шахтинск қаласында өнеркәсіп өндірісі айтарлықтай өсті, бұл көрсеткіш 18,3 млрд теңгеге жетіп отыр. Көмір өндіру 7% артты. Экономиканың дамуына жер қойнауын пайдалану саласында екі жаңа инвестжобаның іске қосылуы да ықпал етті.
Қала әкімі тұрғын үй мен әлеуметтік саланы дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Оның айтуынша, биыл Шахтинскіде қалпына келтірілген үйлердегі пәтерлер дәрігерлерге бөлінеді. Бұл медициналық мамандардың тапшылығын азайтуға септігін тигізбек.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша қалада 100 орындық жаңа балабақша ашу жоспарлануда.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есеп бере отырып, қала басшысы қаңтар айынан бастап Тарифтердің 4% - ға төмендегені туралы хабарлады.
Баяндамадан сұрақ-жауапқа өтіп, Сержан Аймақов инфрақұрылымның жоқтығына шағымданған "Жоғарғы орталық-3" шағын ауданының тұрғындарының хатын оқыды.
- Мұнда сұрақтар ғана емес, екі парақта ұсыныс та келтірілген. Авторлар оны «ұміт қалған шалғайдағы мекендерден хат» деп атаған екен. Мен Жоғарғы орталық – 3 ұмытылған және жойылған өлке деп айтпас едім. Дегенмен, супермаркет, мамандандырылған дүкендер, моншалар, дәріханалар жоқ, деген өзекті мәселелер көтерілген, - деді қала әкімі. – Менің ойымша, біздің қалада шағын аудандар мен орамдарға бөлу – бұл шартты ұғым,тарихқа деген құрмет. Өз уақытында Шахтинск қаласы 100 мыңдық қала ретінде жоспарланды. Ал бүгінде мұнда 37 мың адам тұрады. Әр шағын ауданның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ал, негізінен біздің міндетіміз-барлығына қолайлы жағдай жасау.
Ол биылғы жылы қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізілетінін айтты. Жаңа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы аталған бөлікке де қатысты болады. Жер учаскелерін кәсіпкерлер нысаналы мақсатына сәйкес, аукциондарда сатып ала алады. Қала әкімі шаһар құрылысы құжатына тұрғындар қажет ететін нысандарды кіргізуге уәде берді.
Аулаларды абаттандыру бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Қала басшысы мұндай бағдарлама бар екенін айтты. Билік жергілікті бюджеттен түскен ақшаға барлық аулаларды ретке келтіруді жоспарлап отыр.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы