Қарағанды облысында кәсіпкерлер арасында ауқымды сауалнама басталды

Қарағанды облысында «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен кәсіпкерлер арасында ауқымды сауалнама өткізіле бастады. Зерттеудің басты мақсаты –келешекте оларды билік өкілдерімен бірігіп шешу үшін бизнесте бар проблемаларды нақты анықтау.
Сауалнама екі кезеңмен өтеді. Біріншісі – телефон арқылы. Сөйлесу аз уақытты алады, Кәсіпкерлер палатасының мамандары бірқатар жеңіл сұрақтар қояды. Екінші кезеңде бизнес нысандарды аралап, жеке әңгімелер өткізуді қарастырады.
Аймақтық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, облыста барлық қалалар мен аудандарда 84 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері арасында сұрау жүргізіледі. Жалпы көлемнің негізгі бөлігі жеке кәсіпкерлер – 58 мыңнан асады. Сондай-ақ 17 мың шағын фирмалар, 8600-ден астам шаруа және фермерлік қожалықтар жа жұмылдырылады деп жоспарлануда.
Сауалнаманың бірінші кезеңі 18-ші қаңтарда басталды.