жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
17 Қаңтар 2019

Қарағанды облысы тұрғындарының назарына!

Фото: karaganda-region.gov.kz

2019 жылы 9 қаңтарда «Астана банкі» АҚ мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешімінің күшіне енуіне байланысты Қазақстандық депозиттерді кепілдеу Қоры «Астана банкін» клиенттеріне – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салымдарын өтеу бойынша агент ретінде «Еуразиялық банк» АҚ таңдады.

«Еуразиялық банк» АҚ-да кепілді өтеулерді төлеу 2019 жылдың 26 қаңтарында басталады және 2019 жылдың 26-шы шілдесіне дейін жалғасады.

ҚДКҚ Еуразиялық банкті мемлекеттің банк-агенттен талап ететін өлшемшарттарға сай келетін қаржылық институт ретінде таңдаған – ол тұрақты қаржылық ахуал және дамыған филиалдық желілер. Еуразиялық банк – бөлшек несиелік портфель көлемі бойынша еліміздегі 4-ші банк. 2018-ші жылдың қарашасында Standard&Poor’s Global Ratings халықаралық рейтінгтік агенттік Еуразиялық банктің ұзақмерзімді және қысқамерзімді рейтингін «В/В» деңгейінде бағалады.
Түріне және валютаға байланысты келесідей өтеулер қарастырылған:
- ұлттық валютадағы депозиттер, ағымдағы шоттар және төлем карточкалар бойынша 10 миллион теңгеге дейін;
- шет елдік валютадағы салымдар мен шоттар бойынша 5 миллион теңгеге дейін.

Бұл ретте егер клиентте бірнеше түрлер және валюталар бойынша салымдар болса, олар бойынша кепілдік өтеу жиынтығы 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Өтемақыларды төлеу 5 тәсілмен жүзеге асырылады:
• «Еуразиялық банк» АҚ-да ашылған депозиттер, ағымдағы немесе карталық шот болса, соған аудару.
• «Еуразиялық банк» АҚ-да жаңа депозит немесе ағымдағы шот ашып, соған аудару.
• «Еуразиялық банк» АҚ-да жаңа карта ашып, соған аудару.
• Кассада қолма-қол ақша беру.
• Басқа банкке аудару.
Ақша өтініш жасаған кезде беріледі. Ақшаны сенімді тұлғаларға, мұрагерлерге, жеке кәсіпкерлерге, кәмелет жасқа толмағандарға, ТАӘ (тегін, атын, әкесінің атын) ауыстырған депозиторларға Еуразиялық банкпен 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзім аралығында беріледі.

Бөлімшелер мекенжайлары:
№4 флиал Қарағанды қ., Н.Әбдіров даңғылы 3/2 үй, 1-ші қабат.
№403 бөлімше Теміртау қ., Блюхер көшесі, 19 а үй.
№405 бөлімше Қарағанды қ., Н.Әбдіров даңғылы, 12/2 үй.
№408 бөлімше Балқаш қ., Ш. Уәлиханов көшесі, 1 үй.
№409 бөлімше Жезқазған қ., Ғарышкелер көшесі, 38 үй, (бұрыңғы Сейфуллин көшесі).
№410 бөлімше Қарағанды қ., "Восток-2" ықшам ауданы, 5/3 үй.
№411 бөлімше Қарағанды қ., Степной 3 ықшам ауданы, 3 үй.
№412 бөлімше Қарағанды қ., Б.Жырау даңғылы 86.
№415 бөлімше Қарағанды қ., Зелинский көшесі, №22-а.
№416 бөлімше Шахтинск қ., Абай Құнанбаев атындағы даңғыл, 99/3 ғимарат.
№4 филиал, арнайы күшейтілген өтемақы төлеуге арналған бөлім Қарағанды қ., Н.Әбдіров даңғылы 3/2 үй, 3-ші қабат.

26 және 27 қаңтарда, сенбі және жексенбі күндері «Астана банкінің» клиенттерінің ыңғайлылығы үшін жеке тұлғаларға қызмет көрсететін Еуразиялық Банктің барлық бөлімшелері жұмыс істейтін болады. 2019-шы жылғы 26 қаңтарда — 08:00-ден 22:00-ге дейін, 27 қаңтарда — 08:00-ден 20:00-ге дейін.
2019 жылғы 28 қаңтардан бастап Еуразиялық Банктің Н. Әбдіров даңғылы 3/2 мекенжайы бойынша орналасқан арнайы күшейтілген өтемақы төлеуге арналған бөлімнен басқа барлық бөлімшелері әдеттегі режимде жұмыс істейді. Арнайы бөлім 2019-шы жылдың 26-шы шілдесіне дейін өтемақыларды төлеу аяқталғанша таңертеңгі 9-дан кешкі 9-ға дейін демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істейтін болады.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы