жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
11 Қаңтар 2019

Қарағандыда аулалардағы спорт алаңдарына жаттықтырушылар жұмылдырылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Даладағы спорт алаңдарына жаттықтырушылар мен әдіскерлер жұмылдырылатын болады. Ол жайлы Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Дмитрий Карпов мәлімдеді.
- Біз облысымыздың қалалары мен ауылдарында спорттық алаңдарды жабдықтаймыз. Олардың ашылу салтанаттарына жаттықтыру құралдарын қалай пайдалану керектігін көрсететін спортшыларды шақыртамыз. Алайда, тәжірибе көрсетіп тұрғандай, жабдықтар құр босқа тұрады. Жастарды жұмылдырып, оларға бағыт беру қажет. Сондықтан біз бұл алаңдарға жаттықтырушыларды, әдіскерлер мен аула клубтарын жұмылдыруды жөн көрдік. Спорт алаңдарына кешкі уақыттарда шығып, балаларды жинап, оларға жаттығулар қалай жасалатынын үйрететін адамдар қажет. Біз бұл бағытта белсенді жұмыстарды жоспарлап отырмыз, - деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі.
Бұған қоса, Дмитрий Карповтың айтуынша, 2019-шы жылы облыста 8 мыңнан астам спорттық-бұқаралық шаралар өтеді. Триатлон бойынша екінші чемпионат, өткен жылғыдай Қарағанды қаласының орталық көшелерінде өтетін сертификатталған трасса бойынша жартылай марафон ұйымдастырылады.
Өңірімізде алғаш рет отбасыларға арналған аралас эстафета өтеді, онда жүгіру және велокросс қарастырылған. Аталмыш шара ағымдағы жылдың маусымында өтеді деп жоспарлануда.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы