жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
11 Желтоқсан 2018

Қарағанды облысында ҰБТ-ге қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр

Фото: karaganda-region.gov.kz

Келесі жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет өткізілетін болады: қаңтардың 15-нен 20-на дейін, наурыздың 24-нен 29-на дейін, маусымның 20-нан шілденің 5-не дейін және тамыздың 17-нен 20-на дейін. Қарағанды облысында қазірден бастап қаңтарда өтетін тестілеуге өтінімдер қабылданып жатыр. Құжаттарды 15-ші желтоқсанға дейін тапсыруға болады.

Білім беру грантына тек мектепті тәмамдаған бетте тестіден өткендер ғана үміттене алады. Тестілік сынақты басқа уақытта тапсырғандар жоо-ның тек ақылы бөлімдеріне түседі.
Қаңтарда біздің аймақта тесті 8 нүктеде өткізіледі.
ҰБТ-ді қаңтардың 15-нен 20-на дейінгі аралықта қайта тапсыруға болады. Оны жоо-на ақылы түрде оқуға түсу үшін мектеп түлектері; бірінші семестрдің соңына дейін ақылы түрде жоо-ның күндізгі бөліміне тіркелгендер; шығармашылық емтихандар қажет болған факультеттердің, басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттер жүзеге асыра алады.
Тестіден өтуге қажетті құжаттар пакетінде: форма бойынша өтініш (ҰБТ өткізу пунктінде беріледі), 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, талапкер оқитын орта білім беру мекемісінен анықтаманың екі данасы және тестіге қатысуға төленген өтемақының түбіртегі.
Құжаттарды ҰБТ өтетін орындарға тапсыру қажет. Олар Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде және Балқаш қаласының, Жаңаарқа, Осакаров және Қарқаралы аудандарының жалпы білім беру мектептерінде орналасқан.
ҰБТ форматы бұрыңғыдай қалады: тапсырмалар 2 блоктан – 3 міндетті және таңдау бойынша 2 бейінді пәндерден құралады.
Тестілеуді талапкер өз еркімен қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыра алады.
Ағылшын тілінде емтихан тапсырып, оқуға түсемін деушілер тестілеуде «Қазақстан тарихын» қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.
ҰБТ-ге 3 сағат 50 минут уақыт беріледі.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы