жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 32°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
10 Желтоқсан 2018

ҚарМУ студенттері мен магистранттары Қазақстанның әлеуметтік-саяси трансформациясы жолдарын талқылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ философия және психология факультетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған оныншы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция тақырыбы: «Қазақстандық трансформация үлгісі: әлеуметтік-саяси контексті».
100-ден астам студенттер мен магистранттар өздерінің зерттеу жұмыстары мен мақалаларын бес секцияда ұсынды:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қоғамдық сананың жаңашалану бағыты;
«Қазіргі қоғам трансформациясы контексіндегі әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістер»;
«Политические процессы в контексте трансформации современных обществ»;
«Тенденции социокультурных изменений в современных условиях»;
«Проблемы гендерного неравенства в современном казахстанском обществе».

Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленді. Әр жұмысты студенттер мен ұстаздар белсенді түрде талқылады.
Философия және психология факультетінің деканы Думан Құсбековтың айтуынша, бұл конференциялар ЖОО студенттер үшін өте маңызды. Осы секілді шаралардың арқасында жастарда мемлекеттік саясат пен еліміздің дамуы туралы дұрыс көзқарастары қалыптасады.
Оныншы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары бойынша ғылыми еңбектер жинағы басып шығарылды. Онда ЖОО студенттері мен магистранттарының ғылыми еңбектері мен мақалалары жарияланған.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы