жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
06 Желтоқсан 2018

Қарағанды облысының қалаларында белсенді жастар мен кәсіпкерлерге сыйлықтар табыс етілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Шахтинск және Жезқазған қалаларында жас кәсіпкерлер мен белсенділерге сыйлықтар берілді.
Шахтинскіде қала әкімінің «Жастар» сыйлығы 11-ші рет табыс етіліп отыр. Биылғы жылы жас кәсіпкерлерге арналған жаңа номинация пайда болды. Оның алғашқы лауреаттары «СоНик» балаларға арналған сауықтыру және дамыту орталығының жетекшісі Карина Нефёдова және құрылыс материалдары мен сантехника дүкенінің директоры Андрей Никифоров болды. Оларға 500 мың теңгеден табысталды.
Сондай-ақ «Үздік жоғарғы сынып оқушысы», «Үздік колледж оқушысы», «Жас спортшы» номинациялары бойынша да жеңімпаздар анықталды. Бұл санаттардың әрқайсысы бойынша сыйлық көлемі 100 мың теңгені құрады.
Шахтинск аймағындағы жастар саясатын дамытуға жеке үлестерін қосқаны үшін №1 гимназияның инновациялар бойынша директор орынбасары Кристина Самоследова, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Аманжол Тілеубек, мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау бойынша «Қамқор» бастамашыл тобының жетекшісі Мейіржан Шаяхмет марапатталды.
Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттары «Халық таңдауы» сыйлығын үлестірді. Оның жеңімпазы «Біз Шахтинскіденбіз» атты еріктілер қоғамдастығы деп танылды.
Жезқазғанда жастар ресурс орталығы кәсібін енді бастап келе жатқан кәсіпкерлер арасында алғаш рет бизнес-жобалар байқауын өткізді. Жалпы сыйлық қоры 1 млн теңге.
Қазылар алқасы төрт жеңімпазды анықтады. Ең үздік деп табылған жоба – қақталған заттарды өндіруді ұйымдастырғаны үшін Нұралы Жеңісов 400 мың теңгеге сертификат алды. Бұл қаражатты жас кәсіпкер жаңа станокқа жұмсамақ, ол құрылғымен бірегей бұйымдар жасап шығаруға болады.
«Үздік эксклюзивті бизнес-жоба» номинациясының жеңімпазы атанып, 300 мың теңгеге сертификатты «Атпен серуендеу алаңы» жобасын жүзеге асырған Нұрлан Майғозин иеленді.
Сонымен қатар ең үздік әлеуметтік-мәдени және спорттық бизнес-жобалар таңдалды. Бұл номинациялар бойынша жеңімпаздарға 150 мың теңгеге сертификаттар табыс етілді.
Жезқазғанда бүгінгі таңда 5500-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері қызмет етеді, олардың төрттен бір бөлігі жастардың жүзеге асырып жатқан жобалары болып табылады.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы