жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
05 Желтоқсан 2018

Қарағандыда бейнелеу өнері мұражайына сыйға тартқан туындылар көрмесі ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Шын жүректен музейге...» атты көрме ашылды. Экспозицияға 2017-2018 жылдары мұражайға сыйға тартылған туындылар енгізілді.

Осы секілді экспозицияны мұражай 2016 жылы көрермендер назарына ұсынған болатын.
- Әрбір мұражайда, әдетте, жәдігерлер қатарын толықтырудың екі әдісі болады. Ол – туындыларды сатып алу және сыйлық ретінде қабылдау. Осы көрме арқылы біз сыйлық берушілерімізді атап өткізім келді,- дейді өнертанушы, мұражайдың басты сақтаушысы Дәмелі Қадырқұлова.

Мұражай қызметкерлері өнер туындыларын сатып алу өте қиын кезеңде көмектерін көрсететін абзал жандардың барлығына алғыстарын білдіреді.

- Осы экспозиция толықтай тек сыйға тартылған туындылардан құралған. Авторлар жеке және топтық көрмелерінен соң, мерейтойлық шаралардан кейін өз туындыларын мұражайға сыйға қалдырып отырған. Сондай-ақ қарағандылықтар өздерінің жеке топтамаларынан кейбір бағалы заттарын сыйға береді. Мысалы, биылғы жылы Қарағанды тұрғыны Валерий Дубровский бізге Гилярий Грацианович Гилевскийдің, Элеонора Александровна Селезневаның туындыларын алып келді. Аталмыш қарағандылық суретшілер, өкінішке орай ортамызда жоқ, олардың шығармалары көркем өнер ортасында өте жоғары бағаланады. Біздің осы тұлғалардың туған-туыстарына деген алғысымыз зор, себебі олар аталмыш авторлардың шығармашылығы – мұражай жәдігері болуы керектігін түсінеді және ол суреттерді бізге алып келеді, - деп атап өтті Дәмелі Қадырқұлова.

- Мен биылғы жылы осы мұражайда алғашқы жеке көрмемді өткіздім. Шара аяқталған соң мұражай қорына өзімнің екі туындымды қалдыруды шештім. Бүгінгі көрмеде менің «Барыс» атты суретім ұсынылғаны мен үшін үлкен қуаныш. Мен оны 2009-шы жылы салдым. Неліктен дәл осы жұмысымды сыйладым? Себебі ол мен үшін өте бағалы, ол менің алғашқы жұмысым. Болашақта да мұражайға осындай сыйлықтар жасап отырамын деп ойлаймын, - дейді жас суретші Еркебұлан Молдабеков.

Көрмеде қарағандылық аға буын суретшілері - Петр Кузьмич Антоненко, Суретшілер Одағының ірге тасын қалаушы - Виктор Иванович Крылов, Саркис Манукович Саносян, Гилярий Грацианович Гилевский, Марат Қайсенұлы Жүнісов, Элеонора Александровна Селезнева, Амангелді Қуанышбекұлы Бексұлтанов, Владимир Викторович Беличенконың кескіндемелік және графикалық туындылары ұсынылды. Шеберлердің бұл жұмыстарын суретшілердің туыстары, достары мен жақындары сыйға тартты: К.Т.Сауғабаева, Н.И.Иванина, Л.В.Зоренко, В.А.Троценко, З.Н.Монина, В.В.Дубровский.

Сондай-ақ мұражай И.А.Галимовқа, М.А.Қалқабаевқа, К.Т.Құюқовқа, Ж.Ш.Балкеновке, Н.Н.Виктороваға, С.П.Глазковқа, И.М.Баграмовқа, Ж.К.Комутовқа, О.В.Дроздовқа, В.А.Арентке, Е.Ы.Ғаймолдинге, В.В.Храпко, А.А.Перминовке, Д.Н.Абдрахмановқа, Т.П.Балтабаевқа, Д.Б.Сармантаеваға музей қорын толықтыруға үлес қосқандары үшін алғыс білдіреді.

Экспозицияда 49 жұмыс ұсынылды. Дәмелі Қадырқұлованың айтуынша, биылғы жылы мұражайға 221 көркемөнер туындылары сыға тартылды.

- Көрме үшін біз үздіктерін таңдап алдық. Қазіргі таңда қорда 11500 бірлік сақтаулы заттар бар. Олардың 80 пайызы - ол сыйға тарлықған туындылар. 90-шы жылдардың басы, 80-ші жылдардың аяғында бізге Алматы мен Мәскеуден көптеген топтамалар келді. 2013 жылы біздің облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан 200-ден астам суреттер берілді, - дейді мұражай қызметкері.

«Шын жүректен музейге...» көрмесі 10-шы желтоқсанға дейін жалғасады.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы