жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
09 Қараша 2018

Қарағандылық картоп өндірушілер өнімнің қымбаттауы болмайды деп болжауда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында биылғы жылы картоптың өнімділігі жоғары болды. Аграрийлер екінші нанды өткен жылғы бағадан төмен құнмен сатып жатыр: бір келісі 50 теңгеден.
Картоп өсіру аймағымызда дамып келеді. Бұл салада бүгінгі таңда жеке қажеттіліктен үш есе артық өнім өндіріліп жатыр. Облысымыз картоппен республиканың басқа да аймақтарын қамтамасыз етіп отыр: оңтүстік облыстардан бастап Шығыс Қазақстанға дейін. Өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылуда.
Тауарлық қана емес, тұқымдық картоптың ірі өндірушілері Абай ауданында орналасқан. Биылғы жылы мұнда бұл көкөніс түрінің отырғызылу ауданы ұлғайтылды. 4 515 га ауданнан 120 мың тонна картоп жиналды.
- Бізде 600 гектар картоп алқаптары бар, олардың үштен бір бөлігі тұқымдық қорға бөлінген. Элиталық тұқымдарды өндіруге арналған өз зертханамыз бар. Бірінші кезекте – біздің облысты қамтамасыз ету. Өнімді сауда желілеріне жеткіземіз. Барлық ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне қатысамыз. Картопты жеткізу және сақтау бойынша тұрақтандыру қорымен келісімшарт жасастық, - дейді «Астра-Агро LTD» ЖШС директоры Аманкелді Мұқашев.
Қарағандылық картоп облыстан тыс аймақтарда жоғары бағаланады.
- Биылғы жылы өнімділік жақсы. Алаңдайтын себеп жоқ: картоп еліміздің әр тұрғынын қамтамасыз ететіндей жеткілікті. Жәнеде көктемде де баға көтеріледі деп ойламаймыз, - деп уәде берді көкөніс өсірушілер.
Төртінші жыл қатарынан кәсіпорын тауарлық және тұқымдық картопты Өзбекстанға экспорттауда.
- Бірінші жылы партия кішігірім болды – 300 тоннаға жуық. Келесі жылында тапсырыс екі еседен астам ұлғайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2000 тоннаға жетті, - деп атап өтті шарушылық жетекшісі.
Картоп өнімділігі қазіргі заманғы агротехнологиялардың енгізілуі, ауыл шаруашылық техникасының жаңартылуы арқасында ұлғайып отыр. Барлық картоп алқаптары суармалы.
Абай ауданындағы «Поливное» ШҚ 500 га жерде картоп пен көкөністер өсіреді.
- Өткен жылы осы уақытта картоптың бір келісі көтерме бағамен 90-100 теңге болатын, ал биыл – 40-50 теңге. Мемлекет бізді қолдап отыр, технологиялар жақсартылуда, - дейді ШҚ директорының орынбасары Рустам Ыбрахымов. – Осыдан он жыл бұрын біз үлескерлерді жинап, жұмысымызды аздап бастаған едік. Ал қазір тұрақты түрде дамып келеміз. Мен өзім осында оңтүстіктен келдім. Қарағандылық картоп жақсырақ дегім келеді: тәттірек, дәмдірек, жақсы қайнатылады.
Биылғы жылы шаруаларды сәбіз бен орамжапырақтың да өнімділігі қуантты. Шаруа қожалығы ішкі нарыққа сонымен қатар жергілікті жерде өсірілген қызылша мен пияз жеткізеді. Осы жылы алғаш рет сарымсақ отырғызған, оның нәтижесі жаман емес – 60 тоннаға жуық өнім жиналды.
Қарағанды облысында тұрақтандыру қорын құру үшін биылғы жылы желгілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерден 1800 тонна картоп пен 950 тонна көкөніс: сәбіз, орамжапырақ, қызылша және пияз сатып алынуда.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы