жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
08 Қараша 2018

Қарағанды облысында 2021 жылға қарай медицина мамандарына 240 қызметтік пәтерлер беріледі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Облысымызда үш жылда медицина мамандарына 240-тан астам қызметтік пәтерлер беріледі. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

- Біз Қарағанды облысында медициналық кадрлардың тапшылығы бар екенін бірнеше мәрте айтқан болатынбыз. Жағдай Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай керемет өзекті емес, бірақ ол проблема жоқ деп айтуға да болмайды. Жас мамандарды жұмылдырудағы басты ұсынысымыз – олады баспанамен қамтамасыз ету болмақ, - деп түсіндірді Ержан Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, биылғы жылы пәтер кілттерін Балқаш пен Саран қалаларының жас дәрігерлері алған.

- Қазір біз Шахтинскіде 32 пәтерді жөндеп жатырмыз. 2019 жылдың наурызында оларды қолданысқа береміз. Шахтинскіге көшіп барып, сол жерде жұмыс істейтін 32 жас дәрігерлермен келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ келесі жылы біз Абайда 13 пәтерді жөндей бастаймыз. Осындай жобалар Теміртауда да жүзеге асырылып жатыр. Жәйрем кентінде Қаражал қаласының әкімдігі бізге 16 пәтерді береді. Қарқаралыда балансымызға жатақхананы аламыз, оны қайта қалыпқа келтіреміз деп жоспарлап отырмыз, - деді Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.

Оның айтуынша, Қарқаралы ауданында 30-дан астам жас мамандар қызметтік пәтерлермен қамтамасыз етіледі. Ол медициналық кадрлар тапшылығын толығымен шешуге мүмкіндік береді. Осы секілді жоба Қарағандыда да жүзеге асырылуда.

- Жалпы есептегенде келесі екі жыл аралығында біз жас мамандар үшін 240 пәтер бөлуді көздеп отырмыз, - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы