жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
08 Қараша 2018

Гоголь атындағы кітапханада «Дауыстап оқу» өтеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

14 қарашада Гоголь атындағы кітапханада «Дауыстап оқу» акциясы өтеді. Барлық ниет білдірушілерді Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романын талқылауға шақырады. Басталуы 12.00.

«Дауыстап оқуға» қатысушыларға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіледі. Қазақ және орыс тілдерінде «Тар жол, тайғақ кешу» романының бөлімдері дауыстап оқылып, талқыланады. Кітапхананың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл оқиғаның тікелей көрсетілімін де тамашалауға болады.

«Дауыстап оқу» акциялары көптеген елдерде өтеді. Қазір олар оқырмандар арасында өте танымал. «Бұл акцияның мақсаты – оқып-ойлау, оқып-сезіну, оқым-өмір сүруге үйрету. Адамдарды белсенді тыңдап, естігендерін саралай алуға үйрету», - дейді ұйымдастырушылар.

Гоголь атындағы кітапханада «Дауыстап оқу» алғаш рет өткен жылы ұйымдастырылған болатын. Ол кезде қарағандылық ақын Серік Ақсұңқар ұлының туындылары дауыстап оқылған еді. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы биылғы жылы оқырмандардың өтініші бойынша таңдалды.

«Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-ғұмырнамалық роман Қазақстандағы азаматтық соғыс пен революцияның картинасын еске түсіреді. Бұл автордың естелігіне негізделген, ол өз басынан кешкен оқиғаларды сипаттайтын әсерлі әңгіме.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы