жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Қазан 2018

Қарағандыда жаңа жұлдыз ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыдағы Жұлдыздар аллеясында дирижер Қанат Ахметовтың құрметіне атаулы жұлдыз ашылды. Бұл шара 15-ші қазанға дейін жалғасатын «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалінің басталуын атап өтті.

ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі фестивальді салтанатты маршпен ашты. Музыканттар мен шығармашылық ұжымдардың мүшелері Орталық саябақтағы бас сахнадан бастап Кеншілер мәдениет сарайына дейін жүріп өтті. Сонан соң оркестр КМС сахнасында концерт өткізді. Дирижерлік пульте Қанат Ахметов болды. Ол сонымен қатар ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің көркем жетекшісі болып табылады.
- «Әуенді Сарыарқа» фестивалі биыл 20-шы рет ұйымдастырылып жатыр. Жәнеде біздің облыстың мақтан тұтар шарасына айналған, - деді облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев ашылу салтанаты барысында. – Дәстүрге сай бүгін Жұлдыздар аллеясында жаңа есім пайда болды. Жаңа жұлдыз ғұлама шебер, біздің жерлесіміз Қанат Ахметовке арналды.
Қарағандылықтардың атынан ол дирижерге ұлттық мәдениетімізге сіңірген еңбегі үшін алғысын білдірді. Жәнеде Жұлдыздар аллеясындағы атаулы белгі – құрмет пен сіңірген еңбекті мойындаудың белігісі екенін атап айтты.
Концертте оркестрмен бірге опера әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Береке Енкебаева өнер көрсетті. Сонымен қатар көрермендер алғаш рет Қанат Ахметовке арнап жазылған «Қанаттар» симфониясын тыңдады.

Фестивальдің ашылу салтанаты «Кенші даңқы» ескертеішінің алдындағы алаңда аяқталды. Қанат Ахметовтың атаулы белгісін облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев, Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жәнеде Қанат Ахметовтың өзі ашты.
Дирижер туған қаласына, барлық көрермендер мен тыңдармандарына, билік өкілдеріне алғысын білдірді.
- Мен өте бақыттымын. Осындай ниеттеріңіз үшін, менің еңбегімді бағалағандарыңыз үшін рахмет айтамын. Фестиваліміз болашақта да жандана берсін, кем дегенде 20 жыл бойы көрермендерін қуантсын, - деді Қанат Ахметов.

Жұлдыздар аллеясы Қарағандының орталық саябағына кіреберісте, «Кенші даңқы» ескерткішінің маңында орналасқан. Ол 2007-ші жылы пайда болды. Оның ашылуы «Қарағанды – жастық шағымның қаласы» бірінші ретро-фестиваліне орайластырылды. Жұлдыздар аллеясы – еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қосқан, өз шығармашылығымен Қазақстанды әлемге танымал еткен тұлғаларға деген құрметті көрсетеді. Аллеядағы алғашқы жұлдыз халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға арналды. Соңыра Роза Рымбаеваның, «Дос Мұқасан» ансамблінің, Қайрат Байбосыновтың Ескендір Хасанғалиевтің, Мақпал Жүнісованың, Болат Сыздықовтың атаулы белгілері пайда болды.

 

Қанат Ахметов — дирижёр, композитор және музыкалық педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1982-ші жылдан бастап Құрманғазы атындағы консерваторияда сабақ береді. 1990-шы жылы ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрін ұйымдастырып, оның бас дирижері болған. Көп кешікпей бұл оркестр халықаралық деңгейде мойындалды.
1996-шы жылдан бастап Ахметов сондай-ақ аға әскери дирижер– Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрінің көркем жетекшісі міндетін атқарған. Подполковник әскери атағы бар. 2008-ші жылдан бері Қанат Ахметов – Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бас дирижері.

Естеріңізге сала кетейік, «Әуенді Сарыарқа» фестивалі 15-ші қазанға дейін жалғасады.
12 қазан 18.30-да «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлесітігінің джаз оркестрінің концерті өтеді. Музыкалық кешке шақыртылған солистер – Белградтан келетін Сани Маркович пен қарағандылық Ксения Николаева қатысады. Бас дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

13 қазан 17.00-де «Шалқыма» концерт залында ТҮРКСОЙ (Түркия) халықаралық ұйымының Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Татарстаннан жиналған әртістерінің қатысуымен жастар хоры өнер көрсетеді. Бағдарлама қонағы - солист Ами Мария Гастон, «Harmonic Rythms» ансамблі (АҚШ). Дирижер - Гүлмира Құттыбадамова (Астана).

15 қазан 18.30-да «Шалкыма» концерт залында Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен фестивальдің жабылуы өтеді. Сахнада сонымен қатар Қырғыз Республикасының халық әртісі Бақтыбек Ыбыкеев, Әзірбайжаннан келген опера әншісі Элеонора Мустафаева өнер көрсетеді. Оркестрдің бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы