жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
11 Қазан 2018

Қарағандыда салынып жатқан көтерме-логистикалық орталық Өмірзақ Шүкеевтің көңілінен шықты

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында Премьер-Министр орынбасары – ҚР ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев болып қайтты. Оның жұмыс сапарының мақсаты жергілікті аграрийлер саладағы өзгерістерді қалай қабылдағанын біліп қайту болды.
- Елбасы Ауыл шаруашылық кешеніндегі еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есе ұлғайтуды тапсырды. Бұл өте маңызды міндеттемелер, жәнеде олар ескі әдістермен шешілмейді. Біз тәсілдерді қайта қарастырдық, жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылдадық жәнеде оны жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Бүгін біз Қарағанды облысына осы бағыттағы жұмыстар қалай жылжып жатқанын көріп қайту үшін келдік, - деді Өмірзақ Шүкеев.
Вице-премьер аймағымыздың бірқатар агроөнеркәсіп кешендерін аралап шықты. Ол маргарин өнімдерін шет елге экспорттайтын «Eurasian Foods» АҚ зауытында болды. «Агрофирма Құрма» ЖШС құс фабрикасында Өмірзақ Шүкеевке қалдықтардан жылу және электр қуатын шығаратын биогаздық құрылғы көрсетілді. Ауыл шаруашылық министрі сонымен қатар «Жәке» ШҚ бордақылау алаңында болды. Бұл кәсіпорыннан қазіргі таңда Өзбекстанға өгізшелер аттандырылады. Сонан соң ол «Альфарух» ЖШС көтерме-тарату логистикалық орталығының салынып жатқан ғимаратын қарап шықты.
Соңғы нысан Өмірзақ Шүкеевтің ерекше көңілінен шықты.
- Мен көрдім де, қуанып қалдым. Бұл еліміздегі алғашқы көтерме-тарату логистикалық орталығы. Жәнеде бұл түбегейлі жаңа принцип: қойма да емес, биржа немесе базар да емес. Мұндай нысандарды бұрыннан бері барлық облыстарда құру керек болатын. Бірақ алғашқы болып қарағандылықтар іске қосқалы жатыр. Біз бұл жобаны барынша қолдаймыз. Басқаларға да ол қалай жұмыс істейтінін көрсету қажет, - деді вице-премьер аралаудан соң облыс әкімдігінде өткен аймақтың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен кездесу барысында.
Ол осы нысанның басты артықшылығы – халық үшін азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндіктің пайда болатынын атап өтті. Бұған қоса, отандық ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығару үшін жағдай жасалып жатыр.
Қарағандыдағы көтерме-тарату логистикалық орталығының бірінші кезегін іске қосу 2018-ші жылдың соңына жоспарланып отыр. Құны 10млрд теңгеден астатын жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауын көрген.
Кездесу барысында Өмірзақ Шүкеев саладағы жаңашылдықтар туралы айтып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
Ауыл шаурашылық министрі қарағандылықтарды «жәкірлік» кооперацияларды дамытуға шақырды. Бұл тұрғыда үлгі ретінде «Жәке» шаруа қожалығы келтірілді. Ол сонымен қатар аграрлық қолхаттар және бірыңғай аграрлық салық құру идеясы туралы тоқталды.
Өз кезегінде, кәсіпкерлер субсидиялауға, тұқым өсіруді субсидиялау, дәнді-дақылдарға бағаның құрылуы, арзандатылған дизелтдік отынды бөлуге қатысты сауалдарын қойды. Аграрийлер үшін минералдық тыңайтқыштарды бөлу мәселесі де өзекті болып қалып отыр.
Кездесуге қатысушылар елімізде топырақтың терең сараптамасын жасай алатын зертханалардың жоқтығына көңіл бөлді. Зерттелуі тиіс үлгілерді Еуропаға тасымалдауға тура келеді.
- Бұл сұрақ орынды, - деп келісті Өмірзақ Шүкеев. – Мәселені қарастырып, жұмыс жасаймыз. Жолдауда қойылған тапсырмаларға сай, ғылымға қаражат бөлініп жатыр.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов ауыл шаруашылық министріне нәтижелі әңгіме үшін алғысын білдірді.
- Біз осындай кездесуді арнайы түрде ұйымдастырдық. Біздің ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерде сұрақтар көп, оларды біз сіздермен бірлесіп шешіп жатырмыз, - деді аймақ басшысы.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы