жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
11 Қазан 2018

Қарағанды тұрғыны мәнерлеп оқу шеберлерінің Республикалық байқауында гран-при ұтып алды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандылық Айсұлу Нұртай мәнерлеп оқу шеберлерінің байқауында Гран-при иегері атанды.

Сайыс 9-10 қазанда Атырауда өтті. Оған Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған 17 мәнерлеп оқушылар қатысты.

Байқауға ҚР мемлекеттік әнұраны авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтың есімі берілген.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз деп танылған Айсұлу Нұртай «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тілдердің жұмыс атқару және дамуы бойынша бас маман болып қызмет етеді. Сыйлық ретінде ол 500 000 теңге сомасына сертификат алды.

Байқауға қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңдерін, романдары мен хикаяттарынан үзінділер оқыды.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов – ақын, жазушы және аудармашы. Ол қазіргі Қазақстан Республикасының әнұраны мәтінінің авторы болып табылады. «Менің Қазақстаным» әнінің мәтінін ол өзінің шығармашылық жолының басында, 21 жасында жазған. Бұл өлеңге әнді композитор Шәмші Қалдаяқов жазған. Жамал Омарованың орындауында бұл ән өте танымал болды. Республикамыздың жаңа әнұранын таңдау туралы мәселе көтерілгенде, президент Нұрсұлтан Назарбаев осы әнді таңдаған.

2006-шы жылдың 11-ші қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні алғаш рет еліміздің Мемлекеттік әнұраны ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кіріскен кезде шырқалды.

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы