жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -10°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Қыркүйек 2018

«АрселорМиттал Теміртау» командасы шағын футболдан Европа чемпионатында өнер көрсетті

Фото: karaganda-region.gov.kz

«АрселорМиттал Теміртау» командасы шағын футболдан Европа чемпионатына қатысты. Ойын қорытындысы бойынша қарағандылықтар бесінші орынды иеленді.
Өткен жылы бұл команда футзалдан Қазақстан чемпионатын жеңім алған болатын, соның арқасында оларға Европада еліміздің намысын қорғау мүмкіндігі бұйырды. Сонымен қатар чемпионатқа еліміздің атынан Ақтау командасыда қатысты.
Ақтаулықтар жастар арасындағы, қарағандылықтар «ардагерлер» санатында өнер көрсетті.
Ақтық мәренің 1/8 айналымына қарағандылық спортшылар Румыния, Венгрия және Словения ойыншыларымен өткен үш матчтан соң шықты. Турнирдің ең жойқын жеңісі – словениялық құрамамен болған матч: «АрселорМиттал Теміртау» командасы алаң иелерін 17:1 есебімен ұтты. Ширек финалда қарағандылықтар Ресейдің «Москвич» командасынан 1.0 есебімен ұтылды.
Дегенмен, матчтардың жақсы өтуіның арқасында біздің команда бесінші орынды иеленді.
Сонымен қатар, Ленин атындағы шахтаның жөндеу және желдету бөлімінің жұмыскері Сергей Бодаш чемпионаттың үздік бомбардирі атанды. Ол 10 гол соққан.
- Меніңше бізге тактика жетпеді. Бірінші ойындарда қателіктер жібермегенде біз финалға шыға алатын едік. Алайда қарсыластардың командасында легионерлер, ұлттық құрамалар мен кәсіби командалардың ойыншылары көп болды. Ал біздің негізгі құрамымыз – әуесқойлар, сондықтан менің ойымша, біз мұның бәрін ескеріп, өз қателіктерімізді түзеп, келесі жолы жақсы нәтежелермен ораламыз,-дейді Сергей Бодаш.
Команданың қатысушылары Европа чемпионатына дәл айтқанда шахтадағы ауысымнан соң, бірден жұмыс орындарынан аттанған. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» командасының құрамында Көмір департаменті кәсіпорындарында он жылдан астам уақыт қызмет еткен компанияның бұрынғы жұмыскрелері де бар.
Шағын футболдан Европа чемпионаты Словенияның Терме Чатеж қаласында өтті. Жарыс 10 қыркүйекте аяқталды.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы